02
январь
2019
"Ауылым - алтын бесігім"
Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған,жанына,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады.Әркімге өз ауылы,туған жері мақтан.Дегенмен, менің кіндік қаным тамған өлкемді атағанда елең етіп,мойын бұрмайтын адам кемде-кем.Ол –асқар тауының шыңына жеткенше құстың қанаты талатын, айдынды көліне шомылуға ай да құмар , Бұлақ жері.Бұлақ атты жұмыртқадай ғана сүттей ұйып отырған,береке-бірлігі мықты осы бір ауыл –менің ткған өлкем. Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс,құда-жекжат, қойы-қоралас,қазаны аралас болып кеткен. Мен үшін туған жерімнің әр тасы, бір тамшы суы да қымбат.Оның самал желі,таза ауасы, жұпар исі аңқыған даласы кез келгеннің жанын жаулар алады. Бүгінге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналды.Мен де төмендегі жыр шумақтарын алтын бесігіме деген махаббатымның белгісі ретінде арнаймын:
Туған жер жете ме ғаламда?
Туған жерім аман болсын әмеәндә!
Табиғатты таңғалатын әдемі,
Емге шипа беретұғын адамға. - деп кішкентай ғана бүлдіршініміз 4-сынып оқушысы Абдулахит Ақбота Семей қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектебінде өз ауылы жайылы жыр толғап, қалалық "Ауылым - алтын бесігім" атты жобаға қатысып ІІІ орыды тізгіндеді. Жетекшілік еткен ұстазы Шайкенова Эльмира Бақытжанқызына жұмысына табыс тілейміз. Кішкене бүлдіршінімізге саттілік тілей отырып, асу белестері көп болсын деген тілек білдіреміз!
