18
ноябрь
2018
Аймақтық волдейболдан жарысы
17 қараша күні "Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" КММ әкімшілігі, дене шынықтыру мұғалімдер ұжымы және №12 сайлау округінің қалалық маслихат депутаты Баймуринов Талғат Болатұлының қолдауымен Қазақстан Республикасының "Ауыл шаруашылық күніне және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстың аяқталуына 17 жыл" толуына арналған волейболдан аймақтық депутат кубогы өткізілді. Жарысқа ауылдық округтердің 7 құрама команда қатысты. Олар: "Шүлбі мектеп-кешені", "Мұқыр №1", "Мұқыр №2", "Приречный", "Новобаженово" сондай-ақ Бұлақ жастарынан құралған "Бәйтерек", оқушылар құрамасынан "Елім-ай" командалары қатысты. Команда құрамында 8(6+2) ойыншыдан құралды. Жарыс халықаралық ережеге сай 3 партия (3 партия - 15-ке дейін) бойынша өткізілді. Жалпы ойын барысында командалар өздерінің ойындарын белсенді түрде көрсетіп, жүлделі І орынды "Мұқыр" ауылдық округі, ІІ орын Бұлақ құрамасынан "Бәйтерек" командасы, ІІІ орын "Шүлбі мектеп-кешені" осы аталған командалар жүлделі командалар ауыспалы кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік ойыншылар да грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысты №12 сайлау округінің қалалық маслихат депутаты Баймуринов Талғат Болатұлының демеушілігімен жүзеге асырылды. Қолдап, демеушілік білдіргеніңізге "Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" КММ әкімшілігі үлкен алғыс білдіреді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!
