07
ноябрь
2019
«Ұстазым мақтанышым» жобасы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2019 жылғы 18 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым мақтанышым» жобасы аясында «Үздік ауыл мұғалімі» байқауын өткізді. Өскемен қаласында өткен сайыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шайкенова Эльмира Бакытжанқызы 2 орын иеленді.
⠀
Байқауға Абай, Аягөз, Алтай, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Үржар, Ұлан, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарынан және Семей қаласынан, барлығы 16 шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар байқаудың «Мен табысты ұстазбын» 1 кезеңінде педагогикалық тәжірибелерінің таныстырылымын қорғаса, 2 кезеңде «Шағын жинақты мектептегі біріктірілген үздік сабақ» панорамалық сабағын көрсетті.
Мұқым Семей қаласының намысын қорғап барған осындай жас маманмен мақтанамыз!