патриоттық әндер байқауы » Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей білім бөлімінің
"Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 45-30-60
Есепші бөлімі:
+7(7222) 45-35-60
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Бұлақ ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Булакская СОШ"

19
февраль
2019

патриоттық әндер байқауы


Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына ХХХ жыл толуына орай мектебімізде "ЕЛІМ МЕНІҢ" патриоттық ән байқауы өтті. Қонаққа ауылымыздың ауған соғысы ардагері Ақпанбаев Оразғали Сартқалиұлы шақырылды. 
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 5- сынып оқушысы Нигметоллаев Данияр иеленді. 1 орынды кіші топтан 4 -сынып оқушысы Ларина Ангелина, жоғары топтан 8- сынып оқушысы Елеусизова Дильназ алды. 2 орын кіші топтан 2-сынып оқушысы Канжилқызы Ақерке және жоғары топтан 7-сынып оқушысы Харамбай Айдын иеленді. 3 орынды 1-сынып оқушысы Қажболатқызы Ақбота және 5-сынып оқушысы Елеусизова Наргиз алды. Басқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! 
Байқауға әділ қазылық еткен кәсіподақ төрайымы Галия Тлеубековнага, тәрбие ісі меңгерушісі Назгул Капасовнаға, орыс тілі мұғалімі Фатима Капановнаға алғыс білдіреміз!
Байқау ұйымдастырушылары: АӘД мұғалімі Бекбосынов Қ.А., музыка мұғалімі Тоқай З., Аманкелдиева А.А. Шайкенова Э.Б