шағын орталық тобы мен мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында Шульбинск кенті өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады. » Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей білім бөлімінің
"Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 45-30-60
Есепші бөлімі:
+7(7222) 45-35-60
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Бұлақ ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Булакская СОШ"

» » » шағын орталық тобы мен мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында Шульбинск кенті өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
20
февраль
2026

шағын орталық тобы мен мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында Шульбинск кенті өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.

https://www.instagram.com/reel/DU66frWikHt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Абай облысы Жаңасемей ауданы «Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің шағын орталық тобы мен мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында Шульбинск кенті өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
Экскурсия барысында өрт сөндіруші мамандар балаларға өз қызметтерінің ерекшеліктері туралы түсіндіріп, өрт сөндіру техникаларын, арнайы киімдерді және құрал-жабдықтарды таныстырды. Балалар өрт сөндіру көлігінің құрылымымен танысып, оның қалай жұмыс істейтінін көрді.
Сонымен қатар, мамандар балаларға өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын және «101» нөміріне хабарласу тәртібін түсіндірді. Тәрбиеленушілер қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.
Экскурсия балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың қауіпсіздік туралы білімдерін арттыруға үлкен үлес қосты.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей
#АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жаңасемей
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей
Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жаңасемей